Меню – чай(kz) | Чайхана NAVAT в Алматы
 
Қара шәй 1 шәйнек500 т
- Бастапқыда шай емдік сусын ретінде белгілі болған, алайда уақыт өте келе оны жай рақаттану үшін және күнделікті ішетін болды. Қара шай иммунитетті нығайтады, ағзаның жалпы жұмысқа қабілеттілігін жақсартады, холестериннің деңгейін төмендетеді.

Аткан шәй 1 шәйнек500 т
- Қайталанбас, сәл тұздылау жұмсақ дәмі бар, өмірлік күш-қуатты қайтаратын, энергияны оятатын және ақыл-ойды сергітетін ғажап сусын. Құрамы: қара шай, сүт, үй қаймағы, тұз.

Кырма шәй 1 шәйнек450 т
- көшпелі халықтардың көне ұлттық сусыны - нәзік, барқыт тәрізді, нәрлі, жұмсақ жылытатын, тойдыратын қасиетке ие, энергия мен күш-қуат көзі! Құрамы: қара шай, пісірілген сүт, қуырылған бидай ұны, тұз.

Апаның шәйы 1 шәйнек1000 т
- Қазақстан тауларында терілген табиғи шөптер негізіндегі, сергітетін және жылытатын, хош иісті шай: қабынуға қарсы, бактерияларға қарсы, иммунитетті нығайтатын, босаңсытатын және жайландыратын қасиеттерге ие. Құрамы: қара және көк шай, тасшөп, жалбыз.

Жеміс шәйы 1 шәйнек1000 т
- каркаде шайы мен балғын жемістердің бөліктері негізінде үйлесімді біріктіріп жиналған букет - жағымды бал-цитрус реңкі бар, дәмді, әрі пайдалы шай. Құрамы: каркаде, апельсин, лимон, алма, бал шәрбаты.

Ташкент шәйы 1 шәйнек1000 т
- осы шайдың балғын, жұмсақ дәмі мен балдың нәзік иісі жақсы әлдендіреді және сонымен бір мезгілде босаңсытады. Құрамы: қара және көк шай, лимон, бал шәрбаты.

Шөп шәйы 1 шәйнек1000 т
- хош иісті дәмдеуіштер қосылған шөпті букет негізіндегі және тау балының нәзік ноталарына ие, ауыз қуыратын, таңдамалы және қанық шай. Ағзаны уыттар мен қождардан қорғайды, антитотықтырғыш қасиеттерге ие. Құрамы: қара немесе көк шай, түймедақ гүлдері, әніс, қалампыр, ерең, бал шәрбаты.

Зімбір шәйы 1 шәйнек1000 т
- бал қосылған және нәзік цитрус ноталары бар сергітетін зімбір шайы, антитотықтырғыш қасиетке ие, иммундық жүйені нығайтады, ағзаны энергиямен қуаттандырады және зат алмасуды үдетеді. Құрамы: қара немесе көк шай, зімбір, лимон, жалбыз, бал шәрбаты.

Байлар шәйы 1 шәйнек1000 т
- хош иісті алманың тәтті ноталарын шырынды цитрустардың, татымды жалбыз бен нағыз тау балының керемет үйлесімі толықтыратын, сергітетін және қуат беретін шай. Құрамы: қара немесе көк шай, апельсин, лимон, алма, жалбыз, бал шәрбаты.

Каркаде шәйы 1 шәйнек1000 т
- ауыз қуыратын қышқылтым реңкі бар сарғыш-қызыл түсті қанық шай.

Каркаде 1 шәйнек1000 т
- органикалық қышқылдар мен дәрумендерге бай судан раушанының кептірілген гүлдері. Бұрынғы заманда каркадені перғауындардың сиқырлы шайы деп атайтын. Құрамы: қара немесе көк шай, каркаде.

Итмұрын шәйы - Итмұрын керемет дәрілік зат болып табылады 1 шәйнек1000 т
- ең алдымен, оның құрамында аскорбин қышқылының (С дәрумені) көп мөлшері бар болғандықтан. Итмұрынның құрамында кездесетін каротин ағзаның иммунитетіне жағымды әсерін тигізеді. Құрамы: қара немесе көк шай, итмұрын.

Хандар шәйы 1 шәйнек1000 т
- жемістер, дәмдеуіштер мен шөптер араласқан, жұмсақ тәтті реңкі бар, әлдендіретін және жылытатын қасиеттерге ие, хош иісті шай. Құрамы: қара немесе көк шай, даршын, жалбыз, алма, бал шәрбаты.

1001 түн 1 шәйнек1000 т
- қанық гүлді хош иісі мен мол реңкі бар барқыт тәрізді нәзік шай. Сүт қосылған шай ағзаға оңай сіңіріледі және уыттарды керемет шығарады. Құрамы: қара немесе көк шай, ваниль, сүт, даршын, қалампыр.

Шырғанақты шәй - осы шәй 1 шәйнек1000 т
- дәрумендердің нағыз қайнар көзі! Шырғанақта дәрумендердің (А,В1,В3,С) мөлшері жоғары болғандықтан, ол авитаминоздың сан алуан түрілерімен күресте тамаша құрал болып саналады. Ол иммунитетті нығайтады және ағзаны сау күйде сақтайды. Құрамы: қара немесе көк шай, шырғанақ, лимон, апельсин, бал шәрбаты.

Қазақша шәй 1 шәйнек700 т
- қанық хош иіс пен мол реңкке ие барқыт тәрізді нәзік шай. Сүт қосылған шай ағзаға оңай сіңіріледі және уыттарды керемет шығарады. Құрамы: қара шай, тары, сүт.